27 жасында 7 баланың анасы атанған әйел жастарды халық санын ұлғайтуға шақырды

Тыныс-тіршілік
2297
Жастарымыз көпбалалы болудан қорықпаулары керек.

Жастарымыз көпбалалы болудан қорықпаулары керек. Бұл туралы бүгін "Тәуелсіздік ұрпақтары" Жастар жылының ашылуында 7 баланың анасы 27 жастағы Жазира Тұрғынова айтты, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

"Дана халқымызда "Бір қозы дүниеге келсе, бір тұп жусан артық шығады" деген сөз бар. Менің атым - Жазира. Жасым 27-де, Түркістан облысының тұрғынымын. Алланың қалауымен 7 сәбиімді өмірге әкелдім. Әр баламның өмірге келуімен қатар біздің үйде үлкен қуаныштар орын алады. Балаларымнң күлкісінен өмірге деген құштарлық аламын. Қазірі таңда балаларымның үлкені 11 жаста, ол менің бірінші көмекшіме айналды. Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған осынау байтақ қазақ елімізде сәбилердің көп болғанын қалаймын", - деді ол. 

Жазира Тұрғынова өткен жылы Елбасының Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, орталығы ретінде Түркістан қаласы бекігендігін атап өтті. 

Қазіргі таңда облыс орталығы үлкен құрылыс алаңына айналып, мемлекеттік нысандар мен балабақшалар, спорт, денсаулық сақтау нысандары, мектептер салынып жатқанын айтты. 

"Мен бүлдіршіндерімнің келешегіне сенімдімін. Еліміздің жастарын көпбалалы болудан қорықпауға шақырамын. Әр бала өз несібесімен келеді", - деді Жазира Тұрғынова. 

Айта кетейік, Астанада "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Шараға Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы орган басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, "100 жаңа есім" байқауының жеңімпаздары, "Болашақ" бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысуда. Сонымен қатар бұл жиынға шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметшілер келді. 

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына өткен жылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить