1706

Адамға сана берілді, саналы адам жұмыс істемесе тұра алмайды – Назарбаев

Қазақстан президенті кезекті рет білімді қоғам туралы айтты.
Фотография - Адамға сана берілді, саналы адам жұмыс істемесе тұра алмайды – Назарбаев Сурет: akorda.kz

Қазақстан президенті кезекті рет білімді қоғам туралы айтты. Нұрсұлтан Назарбаев болашақтың кілті – ғылымда деп есептейді. Мемлекет басшысының сұхбатын Ақорда Facebook желісінде жариялады, деп хабарлайды Today.kz.

"Болашақ ғылымның, білімді адамдардың, мамандардың қолында. Бүкіл халықты, тұрғындарды, еңбек қоғамын бағыттайтын болашақ – осы. Тек қана еңбек. Адамға сана берілді, саналы адам жұмыс істемесе тұра алмайды. Сондықтан біз жасап отырған бағдарламалардың бәрін жүзеге асыра отырып, дамып, жаңа мемлекет құра аламыз. 2050 жылы емес, "Қазақстан-2030" бағдарламасындай ертерек жетерміз", – деді Президент. 


Айта кетейік, Мемлекет басшысының шешімімен 2019 Жастар жылы болып жарияланған еді. Президент жастар жылының ресми ашылу салтанатында білім мен ғылымның қоғамдағы маңызы туралы айтты.