920

Алматыда жігіт қызын қызғаныштың кесірінен өлтіріп қойды

Алматыда 20 жастағы қыз кісі қолынан қайтыс болды.
Фотография - Алматыда жігіт қызын қызғаныштың кесірінен өлтіріп қойды Сурет жеке мұрағаттан алынды

Алматыда 20 жастағы қыз кісі қолынан қайтыс болды. Қылмысты жасады деген күдікке қыздың жігіті ілінді, деп хабарлайды Today.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысы, Қарасай ауданының 20 жастағы тұрғыны Валерия Погребняктың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді. 

"Қыздың қайда жүргенін анықтауға бағытталған оперативті шаралар кешенін жүргізу үшін тергеу-оперативті топ құрылды. Сонымен қатар 2000 жылы туған Б. есімді азаматтан түсініктеме алынды, ол қыз жоғалмай тұрып қасында болған. Оның түсініктемесі оперативті шараның ақпаратына қайшы болып шықты. Б. азаматтың қыздың жоғалып кетуіне тікелей қатысты екені анықталды, тергеу барысында ол қызды өлтіргенін мойындап, оның денесін қайда жасырғанын көрсетті", – деді полиция. 

Жігіт қызды өздері тұрып жатқан ауылға жақын маңда өлтірген. Алдын ала мәлімет бойынша, жігітті қылмысқа итермелеген нәрсе – қызғаныш. 

Күдікті ауылдан шыға бере екеуінің ұрсысып қалғанын, салдарынан қызды өлтіргенін айтты. Қылмысын жасыру үшін жігіт қыздың денесін көміп тастаған. 

"Қылмысын жалғастыра отырып, ол Валерияның ата-анасына қыз өзін қалаға апарып тастауын өтінгенін, ештеңе түсіндірместен кетіп қалғанын айтып, жалған ақпарат берген. Іздеу шарасы "Кісі өлімі" бойынша қайта тергеліп жатыр. Күдікті қамалды", – делінген хабарламада. 

Загрузка...