1029

ҚР вице-премьері мекенжай анықтамасының қажеттілігін талдауды тапсырды

Facebook желісіндегі парақшасы арқылы ол "Айтыңыздаршы кім сіздерден мекенжай анықтамасын сұрайды?" деген сауал тастады.
Фотография - ҚР вице-премьері мекенжай анықтамасының қажеттілігін талдауды тапсырды Сурет: forbes.kz

ҚР вице-премьері Асқар Жұмағалиев "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен министрлік қызметкерлеріне мекенжай анықтамасының қажеттілігін талдауды тапсырды, деп хабарлайды Today.kz.

Facebook желісіндегі парақшасы арқылы ол "Айтыңыздаршы кім сіздерден мекенжай анықтамасын сұрайды?" деген сауал тастады. 

"Жақында кадр бөлімінің қызметкерлерінен сұрадым не үшін олар анықтамалады қағаз түрінде жинайды. Жауаптары – керек болған кезде біз адамды мекенжайынан таба аламыз, болмаса жеке парақтағы мәлімет ескірсе, қағаз түрінде құжат болады. Осы жағдайда мекенжай анықтамасы қалай көмектесетінін мен түсінбедім. Өйткені бұл құжат та ескіріп кетеді ғой. Сондай ақ, адам уақытын текке шығарып, керек емес құжаттарды алу керек екен. Дегенмен, қазір ол жедел онлайн режимінде және телеграм арқылы қолжетімді болса да, оған да уақыт керек", – деді ол.

Жұмағалиевтің айтуынша, мекенжай анықтамасы электронды үкімет порталында болуы тиіс.

"Өткен жылдан бастап мемлекеттік органдар бірнеше мәліметтерді азаматтардан сұрамай, дерекқордан алу керек (егер мұндай фактілер сақталса, маған жазыңыздар). Олардың ішінде мекенжай анықтамасы бар. Банктерге және басқа үшінші тұлғаларға арналған egov порталында сервис бар, бұл клиенттің келісімімен азаматтың тіркелгені туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Осындай сервистер бюрократияны жою үшін енгізілген. Бүгін мен министрліктер мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында әріптестеріме мекенжай анықтамасының қажеттілігін және оны реестірден алып тастау мүмкіндігін талдауды тапсырдым", – деді вице-премьер.