1298

4 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы синоптиктер xабарлады.
Фотография - 4 ақпанға арналған ауа райы болжамы Көрнекі сурет

“Қазгидромет" синоптиктері 4 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн ашық, деп хабарлайды Today.kz.

"Фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады", – делінген xабарламада.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында, күндіз Қарағанды облысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман. 

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман, Маңғыстау облысында көктайғақ, Жамбыл, Түркістан облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданы аумағында жел секундына 18-23 метрге дейін күшейеді.