1255

Ситер отбасына жиналып жатқан қаражатты алаяқтар иеленіп кетуі мүмкін

Полиция мұқият болуды ескертті.
Фотография - Ситер отбасына жиналып жатқан қаражатты алаяқтар иеленіп кетуі мүмкін Көрнекі сурет

Полиция өрттен бес қызы қаза тапқан Ситер отбасына жиналып жатқан қаражатты алаяқтар иеленіп кетуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Today.kz Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Әлеуметтік желіде және түрлі мессенджерде ақша аударуға мүмкіндік беретін банк картасының реквизиттері бар ақпарат тарады. Мұқият болуларыңызды өтінеміз! Белгісіз адамдарға ақшаңызды аудармаңыз. Алаяқтардың құрбанына айналмауы үшін көмек бергісі келген жандар ресми шотқа ғана ақша аудара алады", – деді полиция. 

Қазіргі таңда бір ғана шот дұрыс, ол марқұм қыздардың анасына тиесілі: 

Ситер Жанымгүль Амангельдықызы

Kaspi Gold: 5169 4931 5217 1321

ЖСН: 860806451497

Естеріңізге салайық, 4 ақпан түнде Астанада қайғылы оқиға болды. "Сарыарқа" ауданы "Көктал -1" тұрғын үй алқабында жеке ұй аумағында уақытша баспана өртенді. Салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылы туған бес бала қайтыс болды. 

5 ақпанда жүздеген адам бес қыздың жаназасын шығарды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты

Загрузка...