1703

Шымкент сауда орталығында әйел адам босанып қалды

23 жастағы Айгерім Әбдікәрімова ойын-сауық орталығына дәрі алмақ болып келген.
Фотография - Шымкент сауда орталығында әйел адам босанып қалды Көрнекі сурет

10 ақпан таңертең Shymkent Plaza ойын-сауық орталығында әйел адам босанып қалды, деп хабарлайды Today.kz "Отырар" сайтына сілтеме жасап. 

23 жастағы Айгерім Әбдікәрімова ойын-сауық орталығына дәрі алмақ болып келген. Кенеттен толғағы басталған. Сауда орталығының қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырған. 

Дәрігерлер келген кезде Айгерімнің суы кетіп қалған. Перзентханаға барып отыратын уақыт жоқ еді. Бірнеше минуттың ішінде өмірге дені сау қыз бала келді. Оған Айша деген ат қойылды. 

Қазір Айша Қамбар анасымен бірге облыстық перинаталдық орталықта жатыр. 

Instagram желісінде Shymkent Plaza парақшасы құттықтауын жариялады. 

Құттықтауда жас анаға бір жылға жететін жөргек пен коляска беретіні айтылған.