1472

Батыс Қазақстан облысында автожолдар жабылды

Өңірде боран соғып, жол көрінбей тұр.
Фотография - Батыс Қазақстан облысында автожолдар жабылды Көрнекі сурет

Батыс Қазақстан облысында автожолдар жабылды. Өңірде боран соғып, жол көрінбей тұр, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Автокөліктің барлық түрі үшін облыстық маңызы бар Ақсай – Жымпиты (0-ден 94 шақырымға дейін), Тасқала – Аққурай – Болашақ (0-ден 157 шақырымға дейін) жолдары жабық. 

Естеріңізге салайық, елдің көп бөлігінде 12 ақпанда қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран қатты жел күтіледі.