1483

14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы синоптиктер хабарлады.
Фотография - 14 ақпанға арналған ауа райы болжамы Көрнекі сурет

14 ақпанда Қазақстан аумағында күн ашық болады, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың оңтүстігіне жауын түседі, оңтүстік-шығыста жауын қатты болады. 

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, боран, қатты жел күтіледі. 

Жамбыл облысында қатты жауын, тұман, көктайғақ, аздаған боран болады, жел секундына 15-20 метрге дейін, түнде 23 метрге дейін күшейеді. 

Түркістан және Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 метр секунд жылдамдықпен соғады. 

Алматы облысында түнде және таңертең тұман, Жалаңашкөл ауданы аумағында жел екпіні 20-25, тіпті 30 метр секундқа жетуі мүмкін. 

Батыс Қазақстан облысында тұман, боран болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Маңғыстау облысында көктайғақ болады.