1659

15 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы синоптиктер хабарлады.
Фотография - 15 ақпанға арналған ауа райы болжамы Көрнекі сурет

15 ақпан Қазақстанда ауа райы қандай болатынын "Қазгидромет" синоптиктері хабарлады. Елдің көп аумағында жауын, қатты боран болады, тек оңтүстік пен оңтүстік-батыста күн ашық, деп хабарлайды Today.kz.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, боран, қатты жел күтіледі. 

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында тұман, аздаған боран болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында жел секундына 25 метрге дейін күшейеді. Жамбыл облысында көктайғақ болады. 

Алматы облысында тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданы аумағында жел секундына 25 метрге дейін соғады. 

Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман болуы мүмкін, жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. 

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарына тұман түсуі мүмкін, Түркістан, Қызылорда облыстарында көктайғақ күтіледі.