1780

Алматыдан 312 километр қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 10:55-те болған.
Фотография - Алматыдан 312 километр қашықтықта жер сілкінді Көрнекі сурет

Сейсмологтар Алматыдан 312 километр қашықтықта, Қытай аумағында болған жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 4,6, деп хабарлайды Today.kz "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциясына сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 10:55-те болған. Энергетикалық классы – 10.2, тереңдігі – бес километр. 

Жер дүмпуінің сезілгені туралы ақпарат жоқ.