1910

Аз қамтылған көп балалы отбасыларға берілетін пәтер құны айтылды

М. Жайымбетовтың айтуынша, әкімдіктерде 28 мың көп балалы отбасы баспана алуға кезекте тұр.
Фотография - Аз қамтылған көп балалы отбасыларға берілетін пәтер құны айтылды Көрнекі сурет

ҚР Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов көп балалы отбасыларды баспанамен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Today.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

М. Жайымбетовтың айтуынша, әкімдіктерде 28 мың көп балалы отбасы баспана алуға кезекте тұр. Осындай отбасылар үшін 7 жыл ішінде жыл сайын 6 мың жалдамалы пәтер салынады. 2025 жылға дейін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кезекте тұрған 28 мың отбасы үшін біз 7 жылда 42 мың пәтер салуымыз керек. 23 жылда 50 млрд теңгеден бөлінеді. Пәтерлердің құны шамамен 8 млн 400 мың теңгеден басталады – бұл 60 шаршы метрге, 1 шаршы метрі – 140 мың теңгеден", — деді М. Жайымбетов.

Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы баспана беру әрбір көп балалы отбасыны жекелеген кезекке анықтауға орай үйлестірілетінін атап өтті.

"Көп балалы аналар мемлекеттік қызметкерлерге арналған, мүгедектерге арналған кезекте де бар, сондықтан да біз 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әкімдіктерде кезекте тұрған 28 мыңын анықтадық. Заң бойынша әрбір тұрғынға 15 м2 келуі тиіс", — деді ол.

М. Жайымбетов аз қамтылған көп балалы отбасыларға жалдамалы баспана беру бағдарламасы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгеннен кейін жылдың екінші жартысында іске қосылатынын айтты.

"Егер пәтер 8 млн теңге тұрса, 800 мыңын тұрғын үй сертификаты арқылы өтеуге болады. 19 жылға екі пайыз: сегіз жыл ішінде займ алды сомасы өтеледі, бұл – айына 42 мың тг, содан кейін келесі тоғыз жылда екі пайызбен тұрғын үй займы төленеді, бұл – шамамен 27 мың тг. Бұл қатты ауырлық түсіретін сома емес деп ойлаймын", — деді Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы.