1729

9 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы құбылмалы.
Фотография - 9 наурызға арналған ауа райы болжамы Көрнекі сурет

Қазақстанда 9 наурызда ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Елдің көп бөлігінде атмосфераның фронтальдық бөліктерінің өтуіне орай ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын жауады, оңтүстікке жаңбыр түседі. Кей жерлерде тұман, қатты жел болады.

Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарына тұман түседі, күндіз жел жылдамдығы 15-20 метр секундқа жетеді. 

Ақмола, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарына тұман түседі. 

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.