2458

Нұрсұлтан Назарбаев туған жері Шамалғанға келді

Оны жерлестері үлкен сый-құрметпен қарсы алды. Елбасы өзінің осы ұядан ұшқан сәтін еске алды.
Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев туған жері Шамалғанға келді Сурет: inform.kz

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туған жері Шамалғанға келді, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Оны жерлестері үлкен сый-құрметпен қарсы алды. Елбасы өзінің осы ұядан ұшқан сәтін еске алды. 

"1958 жылы осы Шамалғаннан шетке кетіп 20 жылдан соң Алматыға қайтып келдім. Кішкентайымнан осы жерде өстім. Ата-бабамыз Қаратаудың баурайында ағайын-туған, құда-жекжат барлығы осы Шамалғанда. Жастар әлі біле бермейді. Уақыт келгенде ауылыңа келгенде жастық шақ еске түседі. Мемлекетті аяғынан нық тұрғызу үшін қанша қиын-қыстау уақыттардан өттім. Тауда, сай-сайларда әкеммен жүргенім еске түскен кезде барлық шаршағаным ұмытылғандай болады. Сондықтан адамның кіндік кескен жері ыстық. Адам туған жерін сүю арқылы үлкен Отанын сүйіп патриот болады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.   

Фото -

Еске салсақ, Елбасының жергілікті тұрғындармен кездесуі "Атамекен" тарихи-мәдени орталығының алдында өтетіндігі туралы бұған дейін де жазған болатынбыз.  Наурыз айының соңында Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға сапарлап келген болатын.  

Загрузка...