574

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Бұл туралы синоптиктер хабарлады.
Фотография - Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды Көрнекі сурет

"Қазгидромет" синоптиктері Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Today.kz.

16-18 мамыр түнде ШҚО-да күн 8 градусқа дейін салқындайды. Өскемен, Семейде 16 мамыр түнде термометр бағаны 3-5 градусқа дейін салқындайды. 

Қостанай облысында 16 мамыр шығыс желі секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Дабылды ескертудің ықтималдығы – 90-95 пайыз. 

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыс, шығыс желі 15-20 метр секунд, 23-28 метр секунд жылдамдықпен соғады. Күндіз найзағай ойнауы мүмкін. 

Түркістан облысының таулы аймағында 16 мамыр найзағай ойнап, солтүстік-шығыс желі тұрады, шығыс желі секундына 15-20 метр жылдамдықпен екпіндетеді. 

Синоптиктер Қазақстанда күн қашан жылынатынын хабарлаған еді. 

Загрузка...