843

Нұржан менен алған ақшасын қайтармады – Жанар Хамитова

Жанардың сөзінше, Нұржан одан қомақты қаражат алып, сол күйі қайтармаған.
Фотография - Нұржан менен алған ақшасын қайтармады – Жанар Хамитова Сурет ашық дереккөзден алынды

"Арнау" дуэтінің бұрынғы әншісі Жанар Хамитова КТК арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасына екінші рет шығып, Нұржан Керменбаевпен не үшін араласпай қалғанын айтты, деп жазады Today.kz

Жанардың сөзінше, Нұржан одан қомақты қаражат алып, сол күйі қайтармаған. 

"Нұржан мені лақтырып кетті. Біріншіден, менен ақша алып, қайтармады. Екіншіден, өзінің ата-анасымен бірге мені туысқандарымның алдында масқаралады. Өткенді қозғамай-ақ қояйын, бірақ соңғы нүктесін де қойғым келеді. 17 жыл бұрын болған оқиға, менің де, оның да қателігі. Мен өз сазайымды тарттым. Садақа, сол ақшамен бірге құрысын өзі де. Сол кұні подъезге қондым. Келесі күні екі сағат бойы клипке түстім. Мұғалімім Лялиза хабарласып, Жанка Сабырова өз үйіне кіргізді. Астарлы ақиқат осы, міне. Садақа! Қомақты қаражат болатын, қайта сұрамаймын. Садақа! Ол тіпті ақша қарызбын деп те ойламайды. Қанша екенін айтпай-ақ қояйын, әңгіме көбейіп кетеді. Ол да осы үшін өз сазайын тартты. Бәрі өткеннің еншісінде қалды", – деді Жанар Хамитова. 

Айта кетейік, Жанар Хамитова "Астарлы ақиқат" бағдарламасына бірінші рет келгенде өзінің қара жұмыс істеп жүргенін, пәтер жалдайтынын айтқан еді. Осы бағдарламадан кейін оны әнші Сиви Махмуди қанатының астына алды. 

Қазіргі таңда Хамитова Сивимен бірге гастрольдік сапарда жүр.