2333

Талдықорғанда екінші қабаттан құлап кеткен қыз ауруханадан шығарылды

Оның өмірі үшін үздік дәрігерлер күрескен.
Фотография - Талдықорғанда екінші қабаттан құлап кеткен қыз ауруханадан шығарылды Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Балабақшаның екінші қабатынан құлаған қыз ауруханадан шықты, деп хабарлайды Today.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Мини-орталықтың екінші қабатынан құлап кеткен баланың өмірі үшін дәрігерлер күресті. Ауруханаға түскен кезде баланың жағдайы аса ауыр болды. Қыз комаға түсіп кеткен, ештеңе сезбеді. Облыс әкімінің тапсырмасымен облыстың ең үздік дәрігерлері жұмылдырылды. Нәтижесінде дәрігерлер қыздың есін жинатып, бүгін қыз ауруханадан шықты. Біраз уақытқа дейін бала дәрігерлер бақылауында болады. Жалпы қыз толықтай жазылды. Бүгін аппарат жиналысы кезінде әкім қыздың өмірі үшін күрескен дәрігерлерге сыйақы табысталуы керектігін айтты", - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Естеріңізге салайық, 15 мамырда Талдықорғандағы "Қарлығаш" мини-орталығынан облыстық ауруханаға жарақаттанған екі жастағы қыз келіп түсті. Ол балабақшаның екінші қабатынан құлап кеткен. Оқиғаның видеосы желіге таралды.