598

Жұмыс тобы көп балалы аналардың мәселесін шешуге кіріседі – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет өкілдерінің көп балалы аналармен кездескенін мәлімдеді.
Фотография - Жұмыс тобы көп балалы аналардың мәселесін шешуге кіріседі – Тоқаев Сурет: sputniknews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет өкілдерінің көп балалы аналармен кездескенін мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz

Бұл туралы Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігінің басшысы Б.Сағынтаев пен Үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездесті. Көтерілген мәселелер ертең (4 маусым) жұмыс тобының аясында қаралады. Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет", –деп жазды Президент.