720

Ақтауда көшеден маймыл табылды

Ол ықшам аудандардың бірінен бой көрсеткен.
Фотография - Ақтауда көшеден маймыл табылды Сурет: youtube.com / @ladakz

Ақтау тұрғындары көше кезіп жүрген маймылды видеоға түсіріп, желіге жүктеді, деп хабарлайды Today.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Куәгерлер маймылды алтыншы ықшам аудандағы №9 үйдің жанынан көріп қалған. 

"Қожайыны жоқ. Аянышты, балалар қашып жүр", – деп жазды видео авторы. 

 
Зообақ қызметкерлері маймылға көмектесу үшін келгенімен, олар келгенде жануар кетіп қалған. 

Куәгерлердің сөзінше, көрші үйде тұратын маймылдың қожайыны табылған, ол жануарды өзімен бірге алып кеткен.