3582

Полиция митинг кезінде үйіне бара жатқан жалғызбасты әкеден кешірім сұрады

Алматы полициясы митинг кезінде ұсталған үш баласы бар жалғызбасты әкеден кешірім сұрады.
Фотография - Полиция митинг кезінде үйіне бара жатқан жалғызбасты әкеден кешірім сұрады Сурет: instagram/@almaty.times

Алматы полициясы митинг кезінде ұсталған үш баласы бар жалғызбасты әкеден кешірім сұрады, деп хабарлайды Today.kz.

"Жаппай тәртіпсіздік кезінде арасына кіріп кеткен бірлі-екілі азаматтар полиция автобусына жеткізілді. Барлық дерек бойынша мән-жайды анықтап, оларды үйлеріне жібердік. Мысалы, алматылық азамат, үш ұл тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке, тренер А. Абдуллаханов. Аталған деректің мән-жайын дереу анықтадық. Одан кешірім сұрадық", – деді Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев. 

Ол дәл қазір Алматыдағы жағдай тұтастай бақылауда екенін мәлімдеді. 

"Алаңдайтындай ештеңе жоқ. Көшедегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шара қолданылды. Құқық қорғау органдары қоғам тыныштығын бұзуға жол бермейтінін мәлімдеймін, кез келген құқыққа қайшы әрекеттің, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне төнген қауіптің үнемі заң аясында қатаң түрде жолы кесілетін болады", – деді ол.