1480

Борис, Жасмин және Айлин бір айдан соң аналарымен қауышты

Бұл туралы тележүргізуші Дина Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасы арқылы хабарлады.
Фотография - Борис, Жасмин және Айлин бір айдан соң аналарымен қауышты Сурет ашық дереккөзден алынды

Борис, Жасмин және Айлин бір айдан соң аналарымен қауышты, деп жазады Today.kz.

Бұл туралы тележүргізуші Дина Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасы арқылы хабарлады. 

"Көптен күткен кездесу! Борис, Жасмин, Аилин аналарымен қайта қауышты. Бейкүнә бүлдіршіндірге қамқор болған Зульфия Төленова үш баланы аналарын бір көріп, қал-жағдайын білу үшін Алматыға арнайы әкелді. "Ана мен баланың арасындағы махаббат сөнбесін" деп тілеймін дейді. Бауыр етін басқаға бере салған Қапиза Шумаева халықтың ауыр сынына сынбаған. Өз шешіміне өкінбейді. Тар жерді титықтап, өлместің күнін көргенше, жырақта болса да, жақсы жерде тұрғанына қуанатынын айтады. Оның ендігі мақсаты - аяғына тік тұрып, алкогольды тәуелділіктен арылып, балаларымен бірге болу. Ал , бұрынғы жалдамалы пәтерлеріне қайта оралған бүлдіршіндер аналарының амандығын біліп, тезірек Таразға қайтуға асықты", – деп жазды Дина Төлепберген.

 

Естеріңізге салайық, Қапиза Шумаева есімді келіншек өзінің үш баласын Зульфия Төленоваға уақытша берген болатын

Кейін республикалық КТК арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасы арқылы анасы өзгеге табыстаған үш баланың қазіргі жағдайлары айтылды.
⠀