1005

ҰБТ - 2019 нәтижелерін түлектер үш түрлі тәсіл арқылы біле алады

2019 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 20 маусымда басталып, 169 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізіледі.
Фотография - ҰБТ - 2019 нәтижелерін түлектер үш түрлі тәсіл арқылы біле алады Көрнекі сурет

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін түлектер үш түрлі тәсіл арқылы біле алады, деп хабарлайды Today.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҰБТ-2019 нәтижелерін:

  • @edu.gov.kz bot Telegram-боты көмегімен;
  • edu.mail.kz сайтынан;
  • Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір талапкерге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет.

Биыл Министрлік ҰБТ тапсыру кезіндегі кез-келген заң бұзушылықтарды, оның ішінде жақсы нәтижелер алу үшін үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуін болдырмау мақсатында нақты қадамдар қабылдап отыр.

Естеріңізге салайық, 2019 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 20 маусымда басталып, 169 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізіледі. ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Тестілеуге қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380-ді құрайды (қалған 20 862 талапкер - былтырғы мектеп бітірушілері).

"Біз барлық түлектер мен ата-аналардан мұндай жағдайларда бей-жай қарап қалмауды сұраймыз. Егер де Сіздерге "дұрыс жауаптар кодын" сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алудың куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін байқасаңыз,

- +7 (7172) 69-50-87 телефонына дереу хабарласуды немесе

- @edu.gov.kz bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз.

Өз тарапымыздан біз ақпараттың конфиденциалды болуына кепілдік береміз", – деп хабарлады ведомства. 

Туындаған сұрақтарды жедел қарастыру үшін, сонымен қатар тестілеудің обьективтілігі мен шынайылығын күшейту мақсатында 8-800-080-7177 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.