700

ШҚО-да әйел үкіметтен көмек алған соң баласын жетімдер үйіне өткізіп тастады

Әйелдің бұл баладан бөлек үш баласы бар.
Фотография - ШҚО-да әйел үкіметтен көмек алған соң баласын жетімдер үйіне өткізіп тастады Көрнекі сурет

ШҚО-да тұратын балаға құқығы шектеулі әйел балалар үйінен баласын алып, атаулы әлеуметтік көмек алған соң, оны қайтып жетімдер үйіне өткізіп тастады, деп хабарлайды Today.kz Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Бірнеше ай бұрын әйел адам күтпеген жерден сотқа шағымданып, шектеуді өзінен алып тастауды сұрады. Түрі жақсарып қалған әйел ішімдік ішуін де қойған адамға ұқсады, жанары жанып, үлкен ұлын өзіне қайтарып алуға бекінген сыңай танытты. Сот шешімі бойынша, бала анасының қолына қайтарылды", – деп жазады сайт. 

Бірақ әйел кейін қорғаншылық бөліміне баладан бас тартатынын айтып қайта келген. Қызметкерлермен әңгіме барысында ол баласы өзіне керек емес екенін, бірге тұратын еркекпен және басқа балалармен тіл табыса алмайтынын айтқан. 

"Кейін анықталғандай, әйел адам баланы өздігінен тәрбиелеу құқығына ие болған соң дереу атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттарын тапсырған. Ақша түскен бойда әйел баласын жетімдер үйіне қайта әкеліп тастады", – деп жазады портал. 

Әйелдің бұл баладан бөлек үш баласы бар. 

Айта кетейік, кейбір қазақстандықтар әлеуметтік көмек алу үшін құжат жүзінде ажырасқан.