732

Арыста жарылыс болған күні толғатқан әйелді ҰБТ өкілдері босандырып алған

Министрлік өкілдері ҰБТ өткізу үшін жіберілді. Жарылыс болған сәтте олар тестілеу пункінде болды.
Фотография - Арыста жарылыс болған күні толғатқан әйелді ҰБТ өкілдері босандырып алған Көрнекі сурет

Арыста жарылыс болған күні жүкті әйелді ҰБТ өкілдері босандырып алған, деп хабарлайды Today.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Ұлттық арнаның "Таңшолпан" бағдарламасына қонаққа келген БҒМ-нің үш қызметкері бастарынан өткен жағдайды баяндап берді. 

4 маусым күні Арыста ҰБТ болды. Министрлік өкілдері ҰБТ өткізу үшін жіберілді. Жарылыс болған сәтте олар тестілеу пункінде болды.

"Жарылыс болған уақытта не істерімізді білмей, қаша бастадық. Қаланы білмегендіктеН, қайда барарымызды білмедік. Аяғымыз қансырай жүгірдік. Сыртта көліктер балаларды алып кетіп жатты. Біз балалар барсын деп, көлікке отырмадық. Жаяу жүрдік. Бір кезде жас жігіт тоқтады. Есімі Досмұхамед. Бізді 41-ауылға дейін жеткізіп тастады. Жол бойында әжелерді, балаларды алды", – дейді БҒМ қызметкері Жанат Нұржұманова.

Олар жүкті әйелді көріп, босануға көмектескен. Балбөпе Өтенова, Жанат Нұржұманова және Шайза Доскаева Ақжар ауылында барар жолда толғағы жеткен жүкті әйелді босандырды. 

"Жүкті әйел өте мықты екен. Таңертең толғағы басталып, Арысқа ауруханаға барған. Алайда жарылыс болып, ол жерден акушермен бірге қашқан. Бірнеше шақырымды жаяу жүрген. Біздің көлік тоқтағанға дейін жаяу жүріпті. Жүкті әйелдің шыдамы тауысылғанда бірінші кездескен үйге тоқтадық. Бәрі сәтті өтті", – деді Балбөпе Өтенова.

Сәби үлкен болғандықтан босану қиын болды. 

"Бойжеткен қуаныштан баласының есімін көлік жүргізушісінің құрметіне қоймақ еді. Өміргекелген сәби қыз бала болды. Сондықтан жүргізушінің анасының есімімен Кәмила деп қойды", – дейді ол.

Босанған әйелдің есімі – Кенже. 1996 жылы туған қыз. Бұл оның екінші баласы екен. 

"Министрлік қызметкерлері әйелдің күйеуіне әке болғанын хабарлап, өздері әрі қарай кете барған. 

Естеріңізге салайық, Түркістан облысы, Арыс қаласында қойма жарылған еді

Салдарынан екі адам қайтыс болды