998

Өмірзақ Шөкеев Арысқа уақытша көшіп келеді

Әкім бір ай бойы қаланың қалпына келу жұмыстарын жеке қадағалайды.
Фотография - Өмірзақ Шөкеев Арысқа уақытша көшіп келеді Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеев Арысқа көшіп келеді. Әкім бір ай бойы қаланың қалпына келу жұмыстарын жеке қадағалайды. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов хабарлады, деп жазады Today.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Шөкеев адамдармен кездесіп, оларға көмектесетін болады. 

Естеріңізге салайық, 24 маусымда Арыста қойма жарылды. Қала тұрғындары бірнеше күнге эвакуацияланды. 

Төтенше жағдай салдарынан үш адам қайтыс болды. 

28 маусымда адамдар ұйлеріне қайтарылды. Ол үшін арнайы транспорт бөлінді. 

Арыстағы жарылыс туралы барлық жаңалықты мына жерден оқи аласыз.