667

Шымкенттік журналист әйел ҚР Парламент Сенатының депутаты болды

Қапбарова 24 маусымда Сенат депутаты болып тағайындалды.
Фотография - Шымкенттік журналист әйел ҚР Парламент Сенатының депутаты болды Сурет: kaztag.kz

Шымкенттік журналист Айгүл Қапбарова Қазақстан Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени дамуы және ғылым комитетінің мүшелігіне өтті, деп хабарлайды Today.kz.

Сенат спикері Дариға Назарбаева жаңа сенаторға сәттілік тіледі. 

"Айгүл Қапбарова – қазақтың сұлу келіншегі, ол бізге Қазақстанның оңтүстігінен келді. Ол менің ұсынысымды қабыл алды. Шымкент әкімдігі мен мәслихатына рақмет айтамыз. Депутаттық мансабына сәттілік тілейміз", – деді Назарбаева. 

Қапбарова 24 маусымда Сенат депутаты болып тағайындалды.