612

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы "Jekpe-Jek" сарайына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа спорт кешенінің жаттығу залдары мен инфрақұрылымын аралап көрді.
Фотография - Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы "Jekpe-Jek" сарайына барды Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа "Jekpe-Jek" сарайына барды, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Жастар жылын атап өту аясында "Jekpe-Jek" сарайында Елорда күніне арналған жекпе-жек өнерінің гала-фестивалі өтті.

Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен фестиваль барысында жас спортшылар кәсіби жекпе-жек өнерінен қойылымдар көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа спорт кешенінің жаттығу залдары мен инфрақұрылымын аралап көрді.

Жекпе-жек сарайы спортшыларды дайындауға, бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және спорттың басқа да түрлерінен сайыстар өткізуге арналған.