660

Ақтауда шіліңгір шілдеде жаңа жыл шыршасы пайда болды

Шыршаның суреті Facebook желісіндегі топтардың бірінде жарияланды.
Фотография - Ақтауда шіліңгір шілдеде жаңа жыл шыршасы пайда болды Сурет: facebook/@Ақтау Today

Ақтаудағы 11 шағын ауданының ауласында шіліңгір шілдеде жаңа жыл шыршасы пайда болды, деп жазады Today.kz.

Шыршаның суреті Facebook желісіндегі топтардың бірінде жарияланды. Сурет авторының айтуынша, шырша бұған дейін де бір рет аулаға шыққан. 

"Ақтаулық біртүрлі жайт 2019. "Өзгеше Жаңа жыл". 11 шағын ауданының бір тұрғыны осымен екінші рет мені таңғалдырып отыр. Өткен жолы да шырша қойған. Ол кезде сәуір ме еді, ақпан ба еді, нақты есімде жоқ. Қазір шілде. Сенбінің таң мезгілінде көріп тұрғаным. Бұны кім істеді? Не үшін? Маңызды емес. Креатив әрі көңіл көтеретін нәрсе. Көңілсіз күнді бояуға толтырайық, рақмет", – деп жазды автор. 

Фото -

Фото -