713

ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Суханбердиева кінәсін мойындады

Елордада ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваның соты өтті.
Фотография - ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Суханбердиева кінәсін мойындады Сурет: edu.gov.kz

Елордада ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваның соты өтті, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған. 

"Суханбердиеваның айыбы өзінің мойындауымен, куәгерлер мен күдіктілердің түсініктемесімен және қылмыстық істің өзге де материалдары арқылы расталды (...)  Күдікті өз айыбын толық мойындады", - деді мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Бекмағамбетов сот отырысында. 

Айта кетейік, Эльмира Суханбердиева сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды және 2 айға қамауға алынды. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.