703

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Бұл туралы синоптиктер хабарлады.
Фотография - Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды Сурет: pixabay.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.  

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел секундына 25 метрге дейін күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Қызылорда облысында 42 градусқа дейін жететін ыстық күтіледі. 

11 шілдеге дейін елімізде ауа райы қандай болатынын мына жерден оқыңыз.