ӘМСҚ 47 қазақстандықты шетелге емделуге жіберді

Тыныс-тіршілік
143
Тағы бес науқас ем алуға жолдаманы күтңп отыр.

2020 жылдың басынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігі комиссиясының шешімі бойынша шетелге емделуге 47 пациентті жіберді. Шетелдік клиникалармен 787 млн теңге сомаға шарт жасалды, деп хабарлайды Today.kz.

31 адам қажетті көмекті толық көлемде алды, 16 қазақстандық емделуді жалғастыруда. Тағы бес пациент емделуге жолдама күтуде, себебі ауруханаға жатқызу күні кешірек белгіленген.

Қаражат туыс емес донордан сүйек кемігін транспланттауды жүргізуге, ағзаларды транспланттауға, стереотаксикалық радиотерапияға/радиохирургиялық емдеуге, протондық терапияға бағытталған. Осылайша, шетелде емделетін негізгі аурулар трансплантация, онкогематология және жеке органдардың онкологиясы профильдеріне жатады.

"Қазақстандықтар 2012 жылдан бастап бюджет есебінен шетелге емделуге барады. Бұл бағдарлама біздің елімізде әлі дамымаған немесе өткізілмеген жоғары технологиялық қызмет түрлерін алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін құрылған", - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

Азаматтарды шетелге емделуге жіберу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекет сондай-ақ пациенттің және оның алып жүрушілерінің көлік шығындарын өтейді.

Бағдарлама пациенттер жеке қаражаты үшін шетелдік медициналық клиникаларға емделуге баратын жағдайларға қолданылмайды.

Шетелде емдеудің орындылығы туралы мәселені қарау үшін пациент республикалық денсаулық сақтау ұйымына (ҒЗИ, медициналық орталық) жүгінуі қажет, ол пациентті шетелге емделуге жіберу туралы қорытынды шығарады, құжаттар пакетін ӘМСҚ базасында жұмыс істейтін шетелде емдеуді ұйымдастыру жөніндегі комиссияның жұмыс органының қарауына ұсынады.

Соңғы шешімді алқалы орган болып табылатын денсаулық сақтау министрлігінің Сараптама комиссиясы қабылдайды.

Қазақстан Ресей, Беларусь, Түркия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Германия, Испания және т. б. алдыңғы қатарлы бейінді клиникалармен ынтымақтастық орнатқан. Шетелдік медициналық ұйымды таңдаудағы негізгі критерийлер – қажетті емдеу бағдарламасының болуы, емдеудің инновациялық әдістерін пайдалану, баға саясаты.

Жыл сайын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге 100-ден астам пациент жіберіледі, шетелдік мамандарды тарта отырып, мастер-кластар шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емделуге 30-дан астам пациент жіберіледі.

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить