ШҚО пандемиямен күреске 22 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Тыныс-тіршілік
207
Өңірде пандемия басталғалы індетті жұқтырғандардың саны 14000-ға жетті
Бүгінде облыс ауруханаларында 659 адам емделіп жатыр. Аптасына орташа өсу қарқыны -1,7%. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов осындай мәліметтерді келтіріп өтті, деп хабарлайды Today.kz.

Әкімнің айтуынша, індетті жұқтырған 119 оқушы кезекші сыныптарда оқыған. Індет табылғаннан кейін барлық 93 мектеп жабылып, оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылды. Вирус көбінесе үй жағдайында жұққан. Бүгінгі таңда облыс ауруханаларында оқушылар жоқ. 

« Пандемия басталғалы бері 355 мың тест, оның ішінде қарашаның 17 күнінде 57 мың зерттеу жүргізілді. Пандемиямен күрес шеңберінде өңірдің денсаулық сақтау саласына қажетті жабдықтарды сатып алуға және негізгі құралдарды жаңартуға 22,4 млрд теңге жұмсалды. Бұдан басқа, 1,9 млрд теңге көлемінде жоғары сұранысқа ие дәрілік заттар мен жеке қорғану құралдарының тұрақтандыру қоры құрылды», - деп атап өтті өңір басшысы.

Даниял Ахметов техникалық қамсыздандыруға да тоқталып өтті. Тәулік бойы және демалыссыз 15 компьютерлік томограф жұмыс істейді. 1 желтоқсаннан бастап қосымша 3 жаңа КТ аппараты пациенттерді диагностикалауды бастайды. Тағы 67 рентген-аппараты бар. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын уақтылы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған 16 жылжымалы медициналық кешен қызмет етеді. Жалпы, өңірдегі жедел жәрдем көліктерінің саны 2,5 есеге көбейді. ПТР зертханалар саны – 20.

"Айта кетейік, орталық деректері негізінде 584 медэпидбригада жарты ай ішінде инфекцияның 3,5 мың ошағында 10 мың байланыста болған адаммен профилактикалық жұмыс жүргізді. Қажет болса, бригадалардың санын тағы 100-ге көбейтуге болады"- деді облыс әкімі.
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить