Қазақстанда коронавирус жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші 2 наурызға келеді деп күтілуде. Бұл туралы Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман Вашингтон университеті жанындағы медициналық метрика және бағалау институтының (IHME) деректеріне сілтеме жасай отырып мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.
Сонымен қатар, инфекция деңгейі өткен жаз мезгіліндегі көрсеткіштен 45 пайызға төмен болады деп болжануда.
"Мүмкіндігінше абай болыңыз, әсіресе алдағы айларда: Маска киіңіз, қашықтықты сақтаңыз, адамдар көп жиналатын жерлерден және желдетілмейтін бөлмелерде болмауға тырысыңыз, жеткілікті ұйықтаңыз, дұрыс тамақтаныңыз және физикалық белсенді болуға тырысыңыз", - деді Шарман отандастарына.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить