Қазақстанда баспана кезегіне тұратындар саны жыл сайын 50 мыңға артады

Тыныс-тіршілік
117
Қанша азаматтың өз пәтерін күтіп жатқаны туралы ИИДМ басшысы мәлімдеді.
Елімізде баспана кезегіндегі тұрғындар саны жыл сайын 50 мың адамға артып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін жариялаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Today.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Баспана алу кезегінде тұрған азаматтардың саны жыл сайын 50 мыңға дейін артып келеді. Бүгінгі таңда ол 548 мыңға жетті. Кезектегі көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарының табысы отбасы мүшесіне шаққанда ең төменгі 1 күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда, баспанамен қамтамасыз ету үшін жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы жүзеге асыру ұсынылады", - деді министр.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер, бюджет қызметкерлері, толық емес отбасылар және басқа да кезекте тұрған азаматтардың табыс көлемі ең төменгі 1 күнкөріс деңгейінен жоғары азаматтардың бұл санаты жаңа баспанаға жеңілдетілген заем алу арқылы тұрғын үй сатып ала алады.

"Сонымен қатар, 2021 жылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды. Тапсырманы орындау үшін "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасында белгіленген баға параметрлері бойынша салынып жатқан тұрғын үйдің 50 пайызын беру шартымен жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік нысандар және баспана салу үшін жер учаскелерін алу құқығын беру ұсынылады. Ол құрылыс салушының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл нысандар құрылыс салушының өз учаскелерінде салынса, балама жер учаскелерін беру немесе құрылыс салушының шығындарын өтеу ұсынылып отыр. Тұрғын үй салуға арналған жер телімдері жер учаскесін сату немесе оны жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес беріледі",- деді Бейбіт Атамқұлов.

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить