Қарағанды қаласының тұрғыны 17 млн 500 теңге көлеміндегі ақшасын көршісіне сақтап қою үшін беріп, ақшаның жоғалғаны туралы полицияға шағымданған, – деп хабарлайды Today.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 64 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Жәбірленуші азаматша полиция қызметкерлеріне бірнеше күн ауруханада жатқанын айтқан. Белгіленген емдеу шараларын алып үйіне келген зейнеткер өзінің үйінде белгісіз ұрылардың болғанын хабарлаған.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау барысында жәбірленуші азаматша өзінің жиған ақшасын ауруханаға жатар алдында уақытша сақтай тұру үшін көршісіне қалдырғанын есіне түсірді. Айта кету керек, көршісі зейнеткердің барлық ақшасын өзіне қайтарып берді.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить