Көпбалалы аналарды митингке шығуға үндеген белсенді 10 күнге қамалды

Тыныс-тіршілік
129
Сот шешімінде оның "коронавирусқа қарсы вакцинаға қарсылық білдіріп, заңсыз шараға" қатысқаны жазылған.

22 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты көп балалы аналар белсендісі Феруза Ордабекованы 10 күнге қамады, деп жазады Today.kz тілшісі centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Сот шешімінде белсендінің 25 қаңтарда министрліктер үйі алдында "коронавирусқа қарсы вакцинаға қарсылық білдіріп, заңсыз шараға" қатысқаны жазылған. Сот оны Әкімшілік кодекстің 488-бап 11-бөлігі ("Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу") бойынша кінәлі деп тапқан.

Сотта белсенді өзіне тағылған айыпты мойындамаған.

Көп балалы аналар наразылығына қатысып жүрген әйелдердің бірі Айнұр Өмірзақованың сөзіне қарағанда, полиция 22 ақпанда Ордабекованы Нұр-Сұлтанда аналар наразылығына бара жатқан жолда ұстаған.

- Біз таксимен кетіп бара жатқан кезде жолда полиция тоқтатты. Таксист кісінің құжаттарын тексере бастады. Болмайтын жерден ілік іздеп, "аптечкаң қайда" деген сияқты сұрақтар қойып, 1-2 минуттай тұрды. Сол мезетте арттан сұр түсті көлік келді. Ішінен ірі денелі 4 ер адам шығып, бізді көліктен түсіре бастады. Феруза "мені сүйрелемеңдер, өзім түсемін" деді. Сүйтіп көлікке мінгізіп алып кетті. Мені де бір-екі рет тартқылаған еді, оларға тойтарыс бердім. Себебі мен сүйреп түсіретіндей оларға қой емеспін. Содан кейін мені тастап кетті, - деді Айнұр Өмірзақова Азаттық тілшісіне.

 Белсендінің шешімді апелляцияға беретіні-бермейтіні белгісіз.



Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить