АҚШ сенаты Украинаға әскери көмек беруді мақұлдады
Бұл әскери көмек АҚШ-тың 2016 жылға арналған әскери бюджетін 612 миллиард АҚШ долларына түзету кезінде бөлінбек.
Киев: Широкинодан әскерді әкетпейміз
Украиналық әскерилер елдің шығысында Мариуполь түбіндегі Широкино селосынан әскерін әкетпейді деп мәлімдеді бүгін Донецк мен Луганск облыстарындағы арнайы операция басшысының орынбасары Сергей Галушко.
Польша Украина әскерилерін дайындайды
Польша украиналық әскери инструкторларды дайындауға көмектеседі деп мәлімдеді Польша үкіметінің баспасөз хатшысы Малгожата Кидава-Блоньска.
Украин әскері Дебальцево маңынан шегінді
Украин әскерилері Донецк облысының Дебальцево қаласына жақын Чернухино елді мекенінде ресейшіл сепаратистермен арадағы шекара сызығынан төрт километр ішке қарай шегінуге мәжбүр болды.
Украинада әскерден жалтаруға шақырған журналист қамалды
Украина билігі интернетке азаматтарды әскерден жалтаруға шақыратын видео жариялаған журналист Руслан Коцабаны "мемлекетке сатқындық жасады" деген айыппен қамауға алды. Иванов-Франковский қаласында тұратын журналисті Украина ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері тұтқындаған.
Киев: Дебальцево украин әскерінің бақылауында
Украинаның Донецк облысындағы сепаратистер басып алуға ұмтылып жатқан Дебальцево қаласы украин әскерилерінің бақылауында тұр. Бұл жайында «112 Украина» телеарнасының эфирінен елдің шығысында арнайы операциялар жүргізіп жатқан украин әскерінің өкілі Леонид Матюхин мәлімдеді.
Киев: Донецк әуежайы украин әскері қолында
Украина билігі ресейшіл сепаратистердің "Донецк әуежайының бір бөлігін бақылауға алдық" деген мәілмдемесін жоққа шығарды.