Қытай-Сингапур компаниясы Қапшағайда әуежай салмақ

Фотография - Қытай-Сингапур компаниясы Қапшағайда әуежай салмақ

391 0

Әуежай құрылысына маманданған Қытай мен Сингапурдың бірлескен «Тенгри» компаниясының өкілдері Қапшағайда әуе айлағын салуды көздеп отыр.

Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов пен Мәжіліс депутаты Темірхан Досмұхамбетовтің шетелдік компанияның делегациясымен кездесуінде айтылды.

Аймақ басшысының ақпаратынша, бұл үшін Қапшағайда 11 мың гектарды құрайтын аумақ бөлінген.

1954 жылы негізі қаланған «Венгрии» компаниясы осыған дейін Қытай, Сингапур, сондай-ақ әлемнің өзге де астаналарында көптеген әуежайлар салды. Келіссөздер барысында Мәжіліс депутаты Темірхан Досмұхамбетов әуежайдың халықаралық санатта болуы шарт екенін атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінде жоба жұмыстары соңына таяп та қалған.

BNews.kz сайтынан


Загрузка...

Комментарии (0)

  • Авторизация
  • Регистрация
  • Забыли пароль?