ҚР СІМ басшысы АҚШ-тың министрлерімен кездеседі

Фотография - ҚР СІМ басшысы АҚШ-тың министрлерімен кездеседі

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін осы елдің министрліктеріндегі әріптестерімен кездеседі

416 0

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін осы елдің министрліктеріндегі әріптестерімен кездеседі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Әсет Мұқажанов мәлім етті.

«Бүгіннен бастап елдің сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысов АҚШ-та жұмыс сапарымен жүр. Осы сапар аясында біздің мемлекет пен АҚШ арасында екіжақты стратегиялық әріптестікті бұдан ары қарай тереңдету мәселелерін талқылау үшін министрліктер  басшыларымен кездесуі жоспарланған»,-деді ол.

Атап айтқанда, сапар барысында экономика, сауда және инвестиция, сондай-ақ ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелеріне айрықша мән беріледі.


Загрузка...

Комментарии (0)

  • Авторизация
  • Регистрация
  • Забыли пароль?