Медицина қызметкерлерінің жұмысына халықтың 32%-ының көңілі толмайды

Фотография - Медицина қызметкерлерінің жұмысына халықтың 32%-ының көңілі толмайды

331 0

Қазақстанда денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң беделiн арттыруды насихаттау жұмыстарына 13 млн теңге бөлінген. Бұл туралы бүгiн ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнде өткен баспасөз мәслихаты барысында «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» РҚБ төрайымы, ҚР Парламентi Мәжiлiсінiң депутаты Светлана Романовская мәлiмдедi.

«Бұл жоба бір жыл бойы жүзеге асырылады. Ол Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің әлеуметтік тапсырысы аясында жүргізіліп жатыр. Бұл айтарлықтай қомақты қаржы емес, десек те бұл сома тұтынушылардың ғана емес, дәрігерлердің де құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді», - дейді С.Романовская.

Оның айтуынша, ақпараттық насихат жұмыстарына 13 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар, ол аталған жоба аясында іске қосылған қауырт желіге науқастардың жүгіну себептеріне де тоқталды.

«Біздің қолымызда дәрігерлер мен науқастардың сауалнамалары бар. Олардың 32%-ы қызметкерлердің өз жұмысын белсенді атқармауы және ұзын-сонар кезектерге шағымданса, 62%-ының көрсетілген медициналық қызметке ішінара көңілі толған және көрсетілген медициналық қызметтер науқастардың тек 6%-ының ғана көңілінен шықпаған», - дейді депутат.

Естерiңiзге сала кетейiк, 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап Тұтынушылардың ұлттық лигасы «Денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң беделiн арттыруды насихаттау бойынша ақпараттық саясат» әлеуметтк жобасын қолға алған болатын. Бұл жоба науқастардың құқықтары туралы қазастандықтарды ақпараттандыру арқылы денсаулық сақтау жүйесiн, медициналық қызметкерлердiң беделiн қолдауға бағытталған. Жоба аясында медиация бойынша тренингтер өткiзiлiп, Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау қалаларында 225 денсаулық сақтау қызметкерi оқытылған.

 

BNews.kz сайтынан

 


Загрузка...

Комментарии (0)

  • Авторизация
  • Регистрация
  • Забыли пароль?