475

Ұлттық банк: Қазақстанда шетелдік валюта тапшылығы жоқ

Фотография - Ұлттық банк: Қазақстанда шетелдік валюта тапшылығы жоқ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі елде қолма-қол шетел валютасы тапшылығының жоқ екендігін мәлімдейді

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның аумақтық филиалдары елдің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында валюта нарығындағы ахуалға күнделікті мониторингті жүзеге асырады. Айырбастау пункттері екінші деңгейдегі банктердің тарапынан да, сол сияқты Ұлттық Банктің тарапынан да қолма-қол шетел валютасының жеткілікті көлемі қамтамасыз етілген», - деп көрсетілген хабарламада.

Айта кету керек, Ресей рублі бағамының өзгеруіне байланысты еліміздегі валюта нарығында бірқатар толқулар туындағаны белгілі. Көрші елдегі экономикалық жағдайға алаңдаған қазақстандықтар соңғы уақытта рубль және басқа да шетел валюталарын көптеп сатып алып, Ресеймен шекаралас өңірлерде қызу сауда жасауға кіріскен.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде 2014 жылғы 19 желтоқсандағы валюта бағамына сәйкес:

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 182.05 (USD/KZT).

Теңгенің еуроға шаққандағы бағамы – 224.34 (EUR/KZT)

Теңгенің рубльге шаққандағы бағамы – 3.01 теңге (RUB/KZT). 

 

BNews.kz сайтынан

 

Загрузка...