490

Элизабет Тұрсынбаева - Қазақстан чемпионы

Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Фотография - Элизабет Тұрсынбаева - Қазақстан чемпионы

Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Қыздар арасындағы жарыста Қызылорда облысының атынан жарыстарға қатысып жүргенЭлизабет Тұрсынбаева 180,46 ұпай жинап, алтын алды. Күмісті Айза Мамбекова (109,77 ұпай), қоланы Регина Глазман (102,37) иеленді. Екі спортшы да Алматы қаласының өкілдері.

Ерлер арасында Ванкувер және Сочи олимпиадасына қатысқан Абзал Рақымғалиев жеңіске жетті. Ол 179,72 ұпай жинады. Күмісті алматылық Данияр Әділов (130,26), қоланы тағы бір Алматы спортшысы Артур Панихин (128,78) алды.

Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Қазақстан чемпионатына қатысудан босатылды.

Енді Элизабет Тұрсынбаева мен Абзал Рақымғалиев Қазақстан чемпиондары ретінде 12-15 ақпанда Сеулде (Оңтүстік Корея) өтетін "Төрт құрлық чемпионатына" қатысады.

Загрузка...