Ұлттық банк 2015 жылы инфляция деңгейін 5-8 % дәлізінде ұстап тұрмақ

Фотография - Ұлттық банк 2015 жылы инфляция деңгейін 5-8 % дәлізінде ұстап тұрмақ

909 0

2015 жылы Қазақстандағы инфляция деңгейін 5-8 % дәлізінде ұстау көзделуде, делінген ҚР Ұлттық банкі 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында.

Ал 2014-2018 жылдар аралығында экономиканың дамуының барлық сценарийлерін іске асыру кезінде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны 5-7 пайыз дәлізінде ұстап тұру Ұлттық банктің негізгі мақсаты болмақ. Ал 2015 жылғы мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу аясында инфляцияны 5-8 пайыз дәлізінде ұстап тұру жоспарлануда.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды. 2012 жылдан бері оның жылдық көлемі 5,5% деңгейінде сақталуда.

Ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында Ұлттық Банк 2014 жылы екінші деңгейдегі банктерге қайта қаржыландыру қарыздарын беруді, қысқа мерзімді ноттарды шығаруды, банктерден депозиттер тартуды жалғастырады. Сонымен қатар, банктер Ұлттық Банк белгілеген ең төменгі талаптардың нормативтерін орындайды.

Құжатта атап көрсетілгеніндей, 2014 жылғы қаңтар-маусымда инфляция 4,8%-ды (2013 жылғы қаңтар-маусым аралығында - 2,7%) құрады. 2014 жылдың басынан бастап азық-түлік тауарлары - 5,5%-ға (1,7%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 4,7%-ға (1,1%-ға), ақылы қызметтер - 4,0%-ға (5,4%-ға) қымбаттады. Осылайша, 2014 жылы инфляциялық процестер аздап қарқын алды.


Загрузка...

Комментарии (0)

  • Авторизация
  • Регистрация
  • Забыли пароль?