Қазақстанда макарон өнімдерінің бағасы көтерілді

Фотография - Қазақстанда макарон өнімдерінің бағасы көтерілді

Ағымдағы жылдың қарашасы мен қазанын салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде – 6,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 0,6%-ға төмендеді.

445 0

Ағымдағы жылдың қарашасы мен қазанын салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде – 6,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 0,6%-ға төмендеді. Өндірілген өнімге баға – 4,6%-ға арзандады, өндірістік сипаттағы қызметтерге – 1,9%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өткен айда бағаның газ конденсатына – 9,9%, мұнайға – 6,5%, сұйытылған пропан мен бутанға, көмірге – 2,3%-дан, металл кендеріне - 2%, табиғи газға – 1,3%-ға төмендеуі тіркелді.

Баға қара металдар илегіне – 6,5%, асыл металдарға – 2,9%, ферроқорытпаларға – 2,1%, мысқа – 0,9%, мырышқа – 0,4%-ға төмендеді, қорғасынға – 11,4%, алюминийге – 0,3%-ға жоғарылады.

«Бағаның құс етіне – 4,6%, қара бидай ұнына – 0,9%-ға төмендеуі, олардың қарақұмық жармасына – 17,7%, балыққа және макарон өнімдеріне – 1,1%-дан, өсімдік майына – 0,8%, нанға – 0,6%, қантқа - 0,3%-ға жоғарылауы тіркелді», - делінген хабарламада.


Загрузка...

Комментарии (0)

  • Авторизация
  • Регистрация
  • Забыли пароль?