Жанар-жағармай 350-370 теңге болмайды - Ұ. Қарабалин

Фотография - Жанар-жағармай 350-370 теңге болмайды - Ұ. Қарабалин

ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин сенатор Ләззат Қиыновтың жанар-жағармай 350-370 теңге болуы мүмкiн деген пiкiрiне қатысты өз ойын бiлдiрдi.

415 0

ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин сенатор Ләззат Қиыновтың жанар-жағармай 350-370 теңге болуы мүмкiн деген пiкiрiне қатысты өз ойын бiлдiрдi.

"Қиынов мырза 350-370 теңгеге дейiн жанар-жағармай бағасы қымбаттайды деп айтқан жоқ. Ол кейбiр iрi мұнай кен орындарынан әлемдiк бағамен шикiзат сатып алатын болсақ, жанар-жағармай құны да жаңағы деңгейде болар едi деген болатын. Шын мәнiнде бiз ол үш компаниядан емес, өзге мұнай компанияларынан сатып алудамыз. Соның iшiнде ҚазМұнайГаз компаниялары, Өзенмұнайгаз, Маңғыстаумұнайгаз сынды, ПетроҚазақстан және басқалары бар. Олар өңдеуге қажеттi шикiзатпен қамтамасыз етiп келедi. Қазiргi уақытта жаңа кен орындарын ашу және барлау жұмыстары жүргiзiлуде, қолда бар өндiрiстердi жаңарту да жүрiп жатыр. Егер бiз осы iрi мұнай кен орындарынан мұнай сатып алатын болсақ, бұл басқа әңгiме. Мысалы Теңiз сияқты жеңiл мұнайды 30-25 пайызға дейiн қосатын болсақ, жанар-жағармайдың көлемi артады. Сол кезде баға өзгеруi ықтимал, бiрақ бiр литр жанар-жағармай үшiн 370 теңге болады деп ойламаймын", - дедi Ұ. Қарабалин Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте.


Загрузка...

Комментарии (0)

  • Авторизация
  • Регистрация
  • Забыли пароль?