865

Ақтөбе облысында снаряд табылып, жойылды

Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Көкбұлақ» елді-мекенінде 19 жастағы бақташы ескі тот басқан құрыш бұзатын снарядты тапты, деп хабарлады ІІД бапасөз қызметі.
Фотография - Ақтөбе облысында снаряд табылып, жойылды

Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Көкбұлақ» елді-мекенінде 19 жастағы бақташы ескі тот басқан құрыш бұзатын снарядты тапты, деп хабарлады ІІД бапасөз қызметі.

Табылған зат жайлы ол полицияға хабарлаған. Жедел тергеу тобы оқиға орнына шығып, бір күн өткесін «Көкбұлақтағы» қыстау аумағынан формасы дөңгелек, қара түсті, ұзындығы 400 мм болатын құрыш бұзатын снарядты тапты.

Көп ұзамай ІІД «Арлан» арнайы жасағының саперлары құрыш бұзатын снарядты жойды.

Қазір ерікті түрде және дер кезінде қауіпті зат туралы хабар берген жігітке сыйақы беру қарастырылып жатыр.

Загрузка...