613

Ақтауда мандарин бағасы 11%-ға арзандады

«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2014 жылдың 2-9 желтоқсаны аралығында бөлшек сауда бағаларының төмендегідей өзгерісін анықтады.
Фотография - Ақтауда мандарин бағасы 11%-ға арзандады

«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2014 жылдың 2-9 желтоқсаны аралығында бөлшек сауда бағаларының төмендегідей өзгерісін анықтады.

Қарастырылып отырған кезең ішінде еліміздің ешбір өңірінде ет пен сүт өнімдерінің бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ.

Саудада қаптан өлшеніп сатылатын арзан өнім мөлшерінің артуы салдарынан Астанада бакалея өнімдерінің арасында арпа жармасы (-12%-ға 117 теңге/кг-ға дейін), қарақұмық жармасы (-22%-ға 278 теңге/кг-ға дейін) және үрме бұршақ (-13%-ға 408 теңге/кг-ға дейін) бағаларының төмендеуі байқалды. Қарастырылып отырған мерзім аралығында Өскеменде бидай жармасы 11%-ға және Астанада 10%-ға қымбаттады.

Сатылымда отандық өндірушілердің арзанырақ алмұртының мөлшері азайғандықтан (қорлардың аяқталуы), Алматыда өнім бағасы 10%-ға 404 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.

Қызанақ Қызылордада 17%-ға 300-ден 350 теңге/кг-ға дейін, Алматыда 11%-ға 350-ден 390 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Қызанақ бағасының өсуі сатушылардың көтерме бағаны арттыруы мен нарықта қымбат импорттық өнім көлемінің артуымен байланысты.

Жеткізілім мөлшерінің азаюы мен көтерме бағалардың артуы салдарынан қияр бағасы Қарағандыда 14%-ға 283-тен 323 теңге/кг-ға дейін, Қызылордада 14%-ға 290-нан 330 теңге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 11%-ға 287-ден 318 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.

Бір апта ішінде жүзім Астанада 17%-ға 575-тен 675 теңге/кг-ға дейін және Оралда 11%-ға 350-ден 390 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Себеп - сатылымда отандық тауар өндірушілердің арзан өнімі мөлшерінің азаюы (қорлардың аяқталуы) мен қымбат импорттық жүзім үлесінің артуы.

Сатушылардың көтерме бағаны қымбаттатуы мен сатылымда отандық тауар өндірушілердің арзанырақ ашық топырақ жағдайында өсірілген тәтті бұрышы мөлшерінің азаюы салдарынан (қорлардың аяқталуы) өнім Алматыда 20%-ға 379-дан 456 теңге/кг-ға дейін, Қарағандыда 16%-ға 308-ден 358 теңге/кг-ға дейін, Астанада 12%-ға 565-тен 632 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.

Қазіргі таңда сатылымда шетелдік өндірушілердің қымбат жылыжайлық тәтті бұрышының үлесі ұлғаюда.

Көтерме бағалардың төмендеуі және жеткізілім мөлшерінің артуы Ақтауда мандарин бағасының 11%-ға 450-ден 400 теңге/кг-ға дейін төмендеуіне әкелді.

Алматыда нарықтың Қытай Халық Республикасынан әкелінетін арзан лимонмен қанығуына байланысты өнім бағасы 14%-ға 603-тен 521 теңге/кг-ға дейін төмендеді.

Қарастырылып отырған мерзім ішінде сатылымда ашық топырақ жағдайында өсірілген баялды үлесінің азаюы мен қымбат жылыжай өнімі үлесінің артуы себебінен баялды Астанада 59%-ға 472-ден 750 теңге/кг-ға дейін, Қарағандыда 11%-ға 289-дан 330 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.

Baq.kz

 

Загрузка...