Ерлан Қожағапанов 2018 жылға дейін ҚФФ-ны басқарады

Фотография - Ерлан Қожағапанов 2018 жылға дейін ҚФФ-ны басқарады

504 0

Ерлан Қожағапанов 2018 жылға дейін Қазақстан футбол федерациясын басқарады, деп хабарлады  Sports.kz.

Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының XI кезектен тыс конференциясы өтті. Жиын барысында Ерлан Қожағапановты Футбол федерациясының президенті лауазымына сайлау туралы шешім қабылданды. Осылайша ол отандық футболды 2018 жылға дейін басқарады.

Е. Қожағапанов 1968 жылы туған, ол Астана қаласы Алматы ауданының әкімі, Астана әкімінің орынбасары, ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы болған.

Еске салсақ, бүгін конференцияда Әділбек Жақсыбековтің федерация президенті лауазымынан босату туралы өтініші мақұлданды.

 


Загрузка...

Комментарии (0)

  • Авторизация
  • Регистрация
  • Забыли пароль?