Футбол: Қазақстан чемпионаты 20-шы орында

Фотография - Футбол: Қазақстан чемпионаты 20-шы орында

Еуропа УЕФА-ға мүше елдердің ішкі чемпионаттарындағы ойындарды көру үшін стадионға қанша көрермен жиналатынын анықтады. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан 20-шы орында тұр

577 0

Еуропа УЕФА-ға мүше елдердің ішкі чемпионаттарындағы ойындарды көру үшін стадионға қанша көрермен жиналатынын анықтады. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан 20-шы орында тұр. 12 команда өнер көрсететін біздің Премьер-лиганың әр турында орташа көрсеткіш бойынша 3 893 адам жиналады деп жазады "Евро-Футбол" порталы.

Көш басында Германияның Бундеслигасы. Неміс чемпионаты соңғы жылдары бірінші орында ешкімге бермей тұр. Екінші орында Англия Премьер-лигасы. Үздік үштікті Испанияның Примерасы қорытындылап тұр.

Еуропа чемпионаттарындағы стадионға жиналатын көрермендердің орта көрсеткіші:

1. Германия – 43 596 көрермен

2. Англия – 35 895

3. Испания – 27 236

4. Франция – 21 707

5. Италия – 20 596

6. Голландия – 18 296

7. Швейцария – 10 881

8. Ресей – 10 793

9. Бельгия – 10 665

10. Португалия – 9 889

11. Шотландия – 8 542

12. Польша – 7 344

13. Швеция – 7 137

14. Дания – 7 099

15. Норвегия – 6 953

16. Австрия – 6 874

17. Украина – 6 867

18. Түркия – 6 427

19. Чехия – 4 203

20. Қазақстан – 3 893


Загрузка...

Комментарии (0)

  • Авторизация
  • Регистрация
  • Забыли пароль?